Мемлекет басшысы Иран Ислам Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
t.me/aqorda_resmi
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Ибрахим Раиси мен ирандықтарды төл мерекесі – Ислам революциясы күнімен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ибрахим Раисидің жауапты қызметіне толағай табыс, ал достас Иран халқына құт-береке тіледі, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.
– Бүгінде Иран саяси тұғыры берік, экономикасы тұрақты дамыған халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі. Ұлт бірлігі мен ынтымағын ту еткен мемлекетіңіз Сіздің басшылығыңызбен алдағы уақытта да игі мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектеспін. Иран – біздің Каспий аймағындағы маңызды серіктесіміздің бірі. Осыған орай дәстүрлі достық пен мазмұнды саяси диалогқа негізделген ықпалдастығымыз өзара тиімді сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығымызды нығайтуға берік арқау бола беретініне кәміл сенемін, – деп жазылған жеделхатта.
Оқи отырыңыз
ҚР Президенті Қытай халқын құттықтадыПрезидент ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатыстыҚасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтадыҚасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келдіҚасым-Жомарт Тоқаев пен Майкл Помпео телефон арқылы сөйлесті