Өскемен мен Риддерде автобустар жаңартылып жатыр
Сурет көрнекілік үшін алынды
ШҚО-да қоғамдық көліктер кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр.
Бүгінде өңірде 147 облысішілік, 4 облысаралық және 3 халықаралық автобус бағыттары бар. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Айжан Рахимбаева айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Басқарманың мәліметіне сүйенсек, облысішілік автобуспен жүретін жолаушылар ағыны жыл санап артып келе жатқанға ұқсайды. Мәселен, 2023 жылы жолаушылар айналымы жылына 87 792,3 мың жолаушыны құраса, ағымдағы жылы 95 млн. астам жолаушыны құрамақ.