KZ
Өскемен
-12°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да жаңа әуе рейстері ашылады

Фото: sochi24.tv

12.02.2024, 14:04 436 Ләззат Қанатқызы

Ағымдағы жылы ШҚО-дағы әуе рейстерінің бағытын кеңейту жоспарланып отыр.

Облыс орталығынан үш халықаралық және бір ішкі рейс іске қосылмақ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Айжан Рахимбаева айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

31 наурыздан бастап «S7 Airlines» әуекомпаниясы аптасына 2 рет «Өскемен – Мәскеу» халықаралық рейстерін;

«Qazaq Air» әуекомпаниясы жылдың екінші жартыжылдығынан бастап «Өскемен – Үрімші» халықаралық рейстерін;

«Sunday Airlines» әуекомпаниясы ағымдағы жылдың мамырынан қыркүйегіне дейін айына 3 рет «Өскемен-Анталия» халықаралық рейстерін іске қосуды;

«FlyArystan» әуекомпаниясы жазғы уақытқа аптасына 2 рет «Өскемен – Шымкент» ішкі рейстерін іске қосуды жоспарлап отыр

- Сондай-ақ қосымша Көлік министрлігіне «Өскемен – Үржар» және «Зайсан – Алматы» субсидияланатын рейстерін ұйымдастыруға республикалық бюджеттен ағымдағы жылға 332,9 млн.теңге бөлу мүмкіндігін қарау туралы ұсыныстар жіберілді, - деді Айжан Рахимбаева.

Айта кету керек, қазір облыс орталығында 6 әуе бағыты, атап айтқанда, 1 облысішілік (Зайсан), 4 облысаралық (Астана, Алматы, Қарағанды, Жезқазған), 1 халықаралық әуебағыттары жұмыс істеп тұр.

- 1 наурыздан бастап жергілікті уақыттың өзгеруі бірқатар әуе рейстері мен теміржол көліктерінің кестесіне де әсер етеді. Атап айтқанда, «Алтай-Өскемен-1» т/ж бағыты сағат 08:10-ға; «Өскемен - 1-Нұрлы жол» т/ж бағыты сағат 14:20-ға; «Өскемен - 1-Алматы» т/ж бағыты сағат 19:30-ға және әуебағыттар қолданыстағы кестеден 1 сағат бұрын уақытқа ауыстырылады, - деп атап өтті Айжан Дудубекқызы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу