«300-ден астам». Өскеменде қоғамдық көліктер саны көбейеді
Өскеменде қоғамдық көліктердің саны көбейеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қазіргі уақытта қалада 230-дан астам жолаушылар автобусы және 17 трамвай жүріп тұр. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ақпаратына сүйенсек, алдағы жылы 85 автобус сатып алу жоспарда бар.
– Биыл Қазақстан Даму банкінің несиесі бойынша Семей қаласына 170 автобус сатып алынып, іске қосылды. Ал 2020 жылы Өскеменге 85 автобус сатып алынады. Сондай-ақ жыл аяғына дейін трамвайларды жөндеуден өткіземіз. Олардың саны 22-ге жетуі тиіс, – деп мәлімдеді ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов.