KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 5 м/с, ОБ
487.81 527.62 5.02

Полиция ШҚО-да іздеуде жүрген шетелдікті ұстады

pexels.com

25.02.2024, 16:00 107 Назерке Каримова

Өскеменде полицейлер жалдамалы пәтерлердің бірінде шетелдік қылмыскерді ұстады.

25 жастағы тәжікстандық азамат бір жылдан астам уақыттан бері алаяқтық пен ұрлық жасағаны үшін іздеуде болған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Қазіргі уақытта ұсталған адам УҰИ-ға қамалды. Тәжікстан Республикасындағы әріптестерге қылмыскердің орналасқан жері туралы хабарлама жіберілді. Оны экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр, - деп хабарлады ШҚО ПД.


Айта кеткен жөн, биыл ШҚО ПД қызметкерлері іздеуде жүрген 15-тен астам қылмыскерді қолға түсірді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив