Өскеменде автобуспен жеңіл көлік соқтығысты
оқиға куәгерлерінің суреті
Өскеменде қоғамдық көлік пен жеңіл көлік соқтығысып қалды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Оқиға Абай және Шәкәрім даңғылдарының қиылысында болған. Тәртіп сақшылары жағдайды түсіндірді.
«LADA 21901 маркалы көліктің рульінде болған 57 жастағы жүргізуші солға бұрылған кезде қоғамдық көлікке жол бермей қойған. Соның салдарынан жол-көлік оқиғасы болды», - деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жеңіл көліктің жүргізушісіне әкімшілік хаттама жасалды.
Оқи отырыңыз