ШҚО-да бұқаралық спорт қалай дамиды?
сурет: esquire.kz
Шығыс өңірінде биыл «Сәулетай» балалар ойыны мен халық ойындары жанданады. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Серік Қусумбаев айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұқаралық спортпен шұғылдану тек облыс орталығы мен қала тұрғындарына ғана қолжетімді болмас үшін, аудан орталықтарында да дене шынықтыруды дамыту орталықтарын ашу жоспарланып отыр.
Оның айтуынша, дене шынықтыруды дамыту орталықтарында мектеп лигасы, студенттер лигасы, жұмысшы жастар лигасы, зейнеткерлер лигасы құрылады.
Қазір ШҚО-да 17 мыңнан астам балалар мен ересектер 245 секцияда түрлі спорт түрлерімен тегін айналысады. Облыс аумағында 1687 спорт ғимараты жұмыс істейді. Сонымен қатар Тарбағатай, Күршім, Катонқарағай және басқа да аудандарда дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынуда.
Айжанат Бақытқызы