KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 4 м/с, СБ
511.22 540.05 4.73

Шығыс Қазақстанда 10 спорттық сауықтыру кешені салынады

19.04.2021, 14:54 359

Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес облыста бұқаралық спортты түрін дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Баспасөз конференциясында Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Досжан Уалхановтың айтуынша, былтыр спортпен айналысқан адамдар саны 427 мыңға дейін артқан.
Өңірде спортты жанына серік етіп, салауатты өмір салтын ұстанған адамдар үшін түрлі спорт нысандары салынуда. Бүгінде облыс бойынша барлығы 3 мыңнан астам спорт кешені бар. Өткен жылы 16 нысан пайдалануға берілді. Ақтоғай кентінде, Көкпекті ауылында және Шар қаласында үш дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды. Сондай-ақ, екі жүзу бассейні, бес спорт алаңы, бес шағын футбол алаңы, бір хоккей қорабы салынған.

- Қазіргі таңда үш спорт нысанының құрылысы жүргізілуде. Атап айтсақ, Катонқарағай ауылы мен Шемонаиха қаласында екі дене шынықтыру-сауықтыру кешені және Мақаншы ауылында бір спорт модулі салынуда. Биыл Марқакөл, Ақсуат, Қайнар, Бородулиха, Самар, Бозанбай, Үлкен Нарын ауылдарында және Серебрянск қаласында он шынықтыру-сауықтыру құрылысын бастау жоспарлануда, - деді Досжан Уалханов. 

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу