KZ
Өскемен
-5°
небольшая облачность жел 3 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Тарбағатайда ең таза ауылға 10 млн теңге беріледі

фото: gov.kz

9.04.2024, 11:00 153 Қызырбек Дүргінбайұлы

Шығыс өңіріндегі Тарбағатай ауданы «Таза Қазақстан» деп аталған республикалық экологиялық акцияға белсене қатысып жатыр.

Аудан басшысы ең таза ауылға 10 миллион теңге мөлшерінде сыйақы бермек, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Сондай-ақ экологиялық акция қорытындысы бойынша «Ең таза көше» және «Ең үлгілі аула» аталымының иегерлері анықталады. 

«Ауылдық округ әкімдеріне тұрғындар мен еріктілерді ұйыстыра отырып «Таза Қазақстан» акциясы аясында елді-мекендерді, көшелерді, саябақтары мен алаңдарды, жайылымдарды тазалап, өзен-көлдердің жағалауына сенбіліктер ұйымдастыру жөнінде тапсырма берілген. Үйлерінің қасбетін  әктеп, сыртқы  қақпасы мен қоршауын түзу орнатқан, сырлаған, арықтардың жиегін түзу тартқан, көшелері тазалап, күл-қоқысты шығарған,  ағаштардың түбін әктеген,  гүлдер отырғызып ауланы әсемдеген ауыл тұрғындарының 10 миллион теңге ұтып алып, қаражатты  ауылды абаттандыруға  мүмкіндіктері бар», - деп жазылған ауданы әкімдігі ресми парақшасында.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу