KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
442.05 474.14 4.74

Елде «Таза Қазақстан» акциясы басталды

instagram/zaisan_audany_akimdigi

7.04.2024, 17:00 105 Назерке Каримова

Экологиялық акция әр апта сайын белгілі бір тақырып аясында өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz сайтының тілшісі.

1-апта (6, 13 сәуір) «Таза өлке» деп аталады. Тұрғындар, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындар өз үйлері мен ғимарат аумақтарында тазалық жүргізеді.

2-апта (20 сәуір) – «Киелі мекен» тарихи-мәдени ескерткіштер аумағын абаттандыру жұмыстарына арналады.

3-апта (27 сәуір) – «Жасыл аймақ» күні көшеттер отырғызылып, ағаштардың түбі әктеледі.

4-апта (4 мамыр) - «Өнегелі ұрпақ» күні ардагерлер сарайы мен қарттар үйлерінің аумақтарын тазартып, абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылады.

5-апта (11 мамыр) - «Мөлдір бұлақ» деп аталып, бұл күні өзен-бұлақтардың арнасы қоқыстан тазартылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив