Таулы Үлбінің жолы ашылды - ШҚО
Кеше кешке "Облшығысжол" ЖШС Өскемен-Таулы Үлбі-Северное (37-45 км) жолы жабылғанын хабарлаған болатын. Қарғын су салдарынан бүлінген жол бөлігі жөнделді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
"Кеше кешке жол учаскесі опырылып, көлік қозғалысы тоқтатылған еді. Қайта қалпына келтіру жұмыстары дереу басталған. Жол бүгін ашылды", - деп мәлімдеді "Облшығысжол" ЖШС.
Еске сала кетейік, қарғын су жол өзегінде орналасқан құбырдың маңын шайып кеткен. Соның салдарынан жол учаскесі бүлінген болатын.
Оқи отырыңыз