Облыстық маңызы бар жолдың бірі жабылды
фото: depositphotos.com
"Облшығысжол" ЖШС ақпараты бойынша, 15 сәуір күні сағат 17:30-дан бастап Өскемен – Таулы Үлбі - Северное (37-45 км) жолы жабылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
- Қарғын су жол өзегінде орналасқан құбырдың маңын шайып кеткен. Соның салдарынан жол учаскесі бүлінді, - деп мәлімдеді "Облшығысжол" ЖШС.
Облыстық маңызы бар бұл жолмен дәл қазір қандай көлік болсын қатынай алмайды, қозғалыс толық шектелді.