Найзағай, жел... Күн райына қатысты ескерту жасалды
Фото: depositphotos.com
Синоптиктер 13 өңірге күн райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
Жамбыл облысы – 23-26 сәуір аралығында қатты жауын-шашынға байланысты су деңгейінің көтерілуі күтіледі.
Қарағанды облысы - найзағай күтіледі.
Ұлытау облысы - жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр.
Павлодар облысы - найзағай мен желдің екпіні секундына 15-20 метр болады деп күтіледі.
Ақмола облысы - найзағай күтіледі.
Маңғыстау облысы - найзағай күтіледі. Түнде облыстың батысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында, шығысында шаңды дауыл болады.
Шығыс Қазақстан облысы - найзағай күтіледі.
Батыс Қазақстан облысы - найзағай күтіледі.
Абай облысы - найзағай күтіледі.
Қызылорда облысы - дауыл күтіледі. Облыстың орталығында шаңды дауыл болады.
Солтүстік Қазақстан облысы - екпіні секундына 15-20 метр болатын жел күтіледі.
Түркістан облысы - таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай, дауыл күтіледі.
Астана - найзағай күтіледі.