Өскеменде 570 отбасына әлеуметтік көмек берілді
Облыс орталығындағы 570-ке жуық отбасыға атаулы әлеуметтік көмек төленді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– 1 шілде 568 отбасыға (2510 ересек адам, 1615 бала) атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Осының 184-і – көпбалалы, 303-і – аз қамтылған отбасы санатында, – деп мәлімдеді қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміндегі мамандар.
Бөлім мамандары атаулы әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарды электронды Үкімет порталы арқылы немесе жұмыспен қамту орталығында рәсімдеуге болатынын еске салды.
– Жалпы көмектің төлемі республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. Биыл жергілікті бюджеттен 70 миллион теңге, республикалық бюджеттен 317,5 миллион теңге бөлінді, – деп мәлімдеді Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.