Аягөз гарнизонындағы әскери қызметшілердің 70%-ы қайта вакцина салдырды
Аягөз гарнизонындағы әскери қызметшілердің 70%-ы қайта вакцина салдырды.
Осылайша гарнизон госпиталінің әскери медицина қызметкерлері бөлім әскери қызметшілеріне қажетті тексеру жағдайды жасай отырып екпе жұмыстарын жүргізуде.
Алғашқы кезеңіндей вакцина салу алдында әрбір әскери қызметшіден барлық медициналық тексерулер мен әңгімесулер өткізілуде. Әскери дәрігерлер тарапынан Отан қорғаушыларға вакцина алудың артықшылықтары мен маңыздылығы түсіндірілуде.
– Ревакцинацияның маңызы зор екенін айтқым келеді. Жалпы екпе салу алдымен өзімізбен отбасымыздың және ортадағы адамдардың дендерінің саулығы үшін қажет. Қазіргі кезде Аягөз гарнизондағы эпидахуал жақсарып келеді, - деді Аягөз гарнизонының әскери госпиталь бастығы медицина подполковнигі Дулат Мергенбаев.