KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, СШ
495.28 518.41 5.44

Бес облыстың әскери соты таратылды

23.10.2019, 10:26 291

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен бес облыстың әскери соты таратылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы Қазақстанның Әскери сотының сайтында жарияланып отыр.

Таратылған әскери соттардың ісі көрші облыстарға берілген екен.

Таратылған әскери соттардың тізімі:

-        Маңғыстау облысы Ақтау гарнизонының әскери соты;

-        Қарағанды облысы Қарағанды гарнизонының әскери соты;

-        Қостанай облысы Қостанай гарнизонының әскери соты

-        Алматы облысы Талдықорған гарнизонының әскери соты;

-        ШҚО Өскемен гарнизонының әскери соты.

Ақтау гарнизоны әскери сотының функциясы Ақтөбе гарнизонының әскери сотына берілді. Қарағанды және Қостанай гарнизонының әскери соттары Ақмола гарнизонына, Талдықорған гарнизонының әскери соты Алматы гарнизонына, Өскемен гарнизонының әскери соты Семей гарнизонына берілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу