Аягөздегі рейд: Полицейлер мен әскерилер бірлесе атқарды
![](/kz/uploads/posts/iblock/e5d/e5d046bcffcd6c3552c3f09b2dbe453c.jpeg)
Аягөз гарннизонында 5-13 қараша аралығына жеке меншік автокөлігін жүргізетін әскери қызметкерлерге рейд жұмыстары ұйымдастырылды.
Бас басқарманың арнайы тапсырмасын гарнизондағы әскери автомобильді полиция бөлімшесі инспекторларымен Аягөз аудандық ішкі істер бөлімінің патрульдік полиция өкілдері бірлесе атқарды. Шара барысында 150-ден астам әскери қызметкерлердің жеке автокөлік құжаттары тексерілді.
«Рейд кезінде тексерілген көлік иелеріне құқық бұзушылықты болдырмау туралы түсіндіру жұмысы жүргізілді. Темір тұлпарды тізгіндеу кезінде, ең алдымен жауапкершілікті ұғыну қажет», – деді Аягөз гарнизоны әскери полиция бөлімінің әскери автомобиль полициясы бөлімшесінің бастығы капитан Қанат Закуляев.
Іс-шара Қазақстан Қарулы Күштері әскери полициясы Бас басқарма бастығының жеделхаты негізінде әскери қызметшілердің қатысуымен жол көлік оқиғаларды және көлік құралын басқару кезінде әкімшілік құқық бұзуышлықты болдырмау мақсатында өтті.