KZ
Өскемен
+8°
пасмурно Штиль
441.58 480 4.86

Риддер ЖЭО: коммуналдық меншікке алу шаралары басталады

22.03.2023, 14:33 257 Мадина Амангелдіқызы

Риддердегі жылу электр орталығын заңнамалық түрде коммуналдық меншікке алу шаралары басталады.

Риддер жылу электр орталығының 2 қазандығында өрт шыққан болатын. Қазір екі қазандық қондырғысы жұмыс істеп тұр, тағы екеуі жылыту үстінде, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Осыған байланысты ШҚО әкімі Даниал Ахметов орталықта кезектен тыс көшпелі кеңес өткізді.

Әкімнің айтуынша, зардап шеккендер мен елеулі қиратулар жоқ. Қаладағы температуралық режим аздап төмендеген, бірақ жағдай қалпына келтіріледі.

- Мен станцияның жаңа иелері технологиялық бұзушылықтарға жол бергенін, инженерлік бақылау жүргізбегенін атап өткім келеді. Нәтижесінде осындай жағдай орын алды. Қаңтар айынан бастап олар жабдықты жөндеуге, дебиторлық берешекті өтеуге еш қаражат бөлмеді. Қазір мазут пен көмірдің қоры бар, қосымша отын жеткіземіз, өйткені басты міндет - жылыту маусымын аяқтау. Бүгіннен бастап менің өкімім бойынша станцияда өрт сөндіру машинасы, төтенше жағдай есебі, Риддер әкімінің орынбасары және салалық ведомстволардың өкілдері кезекшілік ететін болады. Көріп отырғанымыздай, Риддер ЖЭО - ның жаңа иелеріне деген сенім жоқ. Сондықтан мәселенің жалғыз шешімі - жылу көзін коммуналдық меншікке беру, - дейді аймақ басшысы.

Әкім келесі аптада тағы бір жиналыс өткізетінін айтты. Онда облыс басшысы станция иелерінің нақты ұсыныстарын тыңдамақшы.

- Бірақ өз тарапымыздан орталықта күрделі жөндеу жүргізу және жаңа жылыту маусымына лайықты дайындалу үшін заңнамалық түрде коммуналдық меншікке алу шараларын бастаймыз, - деді Даниал Ахметов.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив