Мемлекеттік қызметшілерді дамыту бойынша Халықаралық ғылыми-практикалық бейнеконференция өтті - ШҚО
2021 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының ШҚО филиалы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Мемлекеттік қызметкерлерді дамыту кәсіби траекториясы: құзыреттілік, инновациялылық, нәтижелілік» атты Халықаралық ғылыми-практикалық бейнеконференция өтті.
Конференцияға жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы, мемлекеттік қызметшілер, әдеп жөніндегі уәкілдер, тәлімгерлер, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері, Академияның магистранттары, докторанттары, сондай-ақ Ресей Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясының өкілдері, шетелдік жоғары оқу орындарының профессорлары қатысты.
Конференцияның негізгі бағыттарына Мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі мен құзыреттілігі: технологиялар мен даму жолдары, Мемлекеттік қызметшілердің инновациялық әлеуетін қалыптастыру, Мемлекеттік қызметтегі тәлімгерлік жеке және кәсіби өсу стратегиясы, Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігі., Мемлекеттік қызметшілердің парасаттылық мәдениетін қалыптастырудың құндылық негіздері кіреді.