Риддерде тас жолға лай көшкін түсті
Риддер қаласындағы 4-аудан мен Лесное ауылын қосатын жолға лай көшкін түсті. Мамандар мұны электр желісін тексеру кезінде анықтады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Көлік жолына түскен топырақ көлемі, шамамен ,150 текше метр болады. Құтқарушылардың айтуынша, беткейден құлдилаған қарғын су салдарынан лай көшкін түскен.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Тек электр желісі қуат көзінен ажыраған, сондай-ақ қоғамдық көліктердің бірі тоқтап қалды.
«Қазіргі уақытта электрмен жабдықтау қалпына келтірілді, автожолды тазарту жұмыстары жүргізілуде», - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД.
Оқи отырыңыз