ШҚО-да көшкін жүрді
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
«Өскемен – Таулы Үлбі - Северное» тас жолында қалың қар мен желдің күшеюіне байланысты көшкін жүрді.
Облыстың маңызға ие жол учаскесі бұған дейін барлық көлік түрлері үшні жабылған болатын, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
- Қардың көп жаууынан және жел екпінінің күшеюіне байланысты жалпы көлемі 600 текше метр қар түсті. Зардап шеккендер болған жоқ. Қазіргі уақытта арнайы техникалар жолды тазартып жатыр, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Өңірде көшкін қаупі әлі де сақталады. Сондықтан тұрғындар азаматтардың ескертуіне құлақ асып, таулы аймақтарға, алыс жолдарға шықпағаны жөн.
- Алдын ала дауылды ескерту жарияланған болатын. Тұрғындардың қауіпсіздігі мақсатында бірқатар учаскелерде профилактикалық қар көшкіні де жүргізілген. Алдағы уақытта да ол жұмыстар жалғасады. Халыққа, әзірге, таулы аймақтарға бармау керектігін, қауіпсіздік ережелерін сақтауды және алыс жолға шықпау керектігін ескертеміз, - дейді "Қазселденқорғау" ШҚ филиалының басшысы Советбек Станбеков.
Оқи отырыңыз