KZ
Өскемен
+18°
переменная облачность жел 2 м/с, СШ
504.34 556.34 5.97

Шығыста қар көшкіні жүрді

Сурет: ШҚО ТЖД

12.02.2024, 09:16 175 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын мол түсіп, жел күшейген еді. Соның салдарынан Катонқарағай ауданында көшкін жүрді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

"Катонқарағай ауданында жергілікті маңызы бар Согорное – Барлық көлік жолының 16-шақырымында жалпы көлемі 1350 текше метр болатын екі қар көшкіні түсті. Зардап шекендер жоқ, - деп мәлімдеді облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Көшкін жауып тастаған жолды жергілікті атқарушы органдар арнайы техникамен ашты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу