Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиялар балаларды қолдау шараларын күшейтті
depositphotos.com
Қазақстанда кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар белсенді жұмыс жүргізуде. Биылғы жылдың тоғыз айында 30 мыңнан астам балаға комиссия жұмысы аясында қажетті көмек көрсетілді. Қолдау білім алуға қолжетімділікті, психологиялық, құқықтық және әлеуметтік көмекті, сондай-ақ оңалту іс-шараларын қамтыды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми Telegram-каналына сілтеме жасап.
Бүгінгі таңда елімізде балалар құқықтарының бұзылуының алдын алу және оларға көмек көрсету бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарды үйлестіруде негізгі рөл атқаратын 235 комиссия қызмет етеді.
Олардың жұмыс тиімділігін арттыру үшін 2024 жылы нормативтік базаға елеулі өзгерістер енгізу жоспарлануда. Оның ішінде жағдайды басқару (кейс-менеджмент) және медициналық-әлеуметтік есепке алу моделін енгізу бар.
Аталған шаралар балалардың құқықтарын қорғау жүйесін нығайтуға және өмірлік қиын жағдайға тап болған әрбір балаға уақтылы, сапалы көмекті қамтамасыз етуге бағытталған.