Кәмелетке толмағандарды медициналық-әлеуметтік есепке қалай қояды: ережелер әзірленді
Фото: depositphotos.com
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Медициналық-әлеуметтік есепке алу жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру ережелерін әзірледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ оларды тәрбиелеу, оқыту және күтіп-бағу жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын және олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін ата-аналарын, заңды өкілдерін профилактикалық есепке қою туралы хабарламасы медициналық-әлеуметтік есепке қою үшін негіз болып саналады.
Ішкі істер органдарына есепке қою туралы хабарлама есепке алынған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде оларға қатысты жеке профилактика шаралары жүргізілетін адамдарды медициналық, психологиялық, әлеуметтік көмек көрсету, бейімдеу және оңалту мақсатында отбасын қолдау орталығына беріледі.
Орталық басшысы отбасының мәртебесін анықтау үшін балалар немесе отбасы мәселелері бойынша әлеуметтік қызметкерді тағайындайды.
Адамды кешенді сүйемелдеуді уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен отбасын қолдау орталығының қызметін жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
Адамды медициналық-әлеуметтік есептен шығаруға отбасын қолдау орталығының адаммен жұмысты аяқтау туралы ақпараты негіз болады.
Құжат 14 маусымға дейін ашық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.