KZ
Өскемен
-11°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Өңірлерде психологиялық қолдау орталықтары ашылуда

Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Фото: Оқу-ағарту министрлігі
17.06.2024, 12:55 117 Айжанат Бақытқызы

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әр өңірде психологиялық қолдау орталықтары ашылып жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігінің ақпараты бойынша, мұндай орталықтар 15 өңірде жұмыс істеп тұр.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина мәлімдеді.

Оқу-ағарту министрлігі психологиялық қолдау орталықтарын дамыту арқылы педагог-психологтардың әлеуетін арттыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

«Орталықтардың қызметін біріздендіру үшін министрлік әдістемелік ұсынымдар әзірледі. Бұл ұсыныстар балаларға жайлы жағдайда бірыңғай модель бойынша орталықтар ашуға көмектеседі. Олар орталықтардың міндеттері, негізгі қызмет бағыттары, ұсынылатын штат кестесі, әр маманның лауазымдық нұсқаулықтары туралы ақпаратты қамтиды. Әйелдер мен балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заңда орталықтарды материалдық-техникалық жабдықтау бойынша тұтас бір тарау көзделген», - деп атап өтті Юлия Овечкина.

Мұндай орталықтардың басты мақсаты – балаларға ғана емес, олардың ата-аналары үшін де қолдау көрсету, сондай-ақ педагогтер үшін бірлесіп кеңесетін, өзара тәжірибемен бөлісіп, әдістемелік ұсынымдар алатын орынға айналу. Жыл соңына дейін қалған облыстарда да орталықтар ашылады деп жоспарлануда.

Айта кетейік, орталықтарды ашу бойынша іс-шара Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарда көзделген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу