Былтыр ШҚО-да 8 мың тоннадан астам балық ауланды

Фото: Artur Pawlak, Pixabay сайтынан
Былтыр Шығыс Қазақстан облысында 8 347 тонна балық ауланып, өңір ел бойынша екінші орынға шықты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросының деректеріне сілтеме жасап.
Елімізде бір жылда жалпы 45 мың тоннадан астам балық ауланған. Ең көп көрсеткіш Атырау облысына тиесілі – 9 483 тонна. Ал Шығыс Қазақстан екінші орында. Үшінші орынды 7 044 тоннамен Қызылорда облысы иеленіп отыр.
Ең төменгі көрсеткіш Ұлытау облысында тіркелді – бір жыл ішінде бар болғаны 31 тонна ғана балық ауланған.
ШҚО бойынша ауланған балықтың негізгі бөлігі, 4,8 мың тоннасы – табан. Сонымен қатар 1,8 мың тонна көксерке, 600 тонна алабұға, 452 тонна шортан, 383 тонна аққайран, 312 тонна рипус және басқа да түрлері ауланған.