ШҚО-дан астанаға 60 тоннадан астам бал апарылады - жәрмеңке
Нұр-Сұлтан қаласында 28-29 қыркүйекте «Хан Шатыр» сауда орталығының жанында ШҚО ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Іс-шара аясында концерттік бағдарлама да бар.
ШҚО-ның 15 ауданы мен 2 қаласы қатысатын жәрмеңке екі күнге созылады. Уақыты - сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
Өнімнің түржинағы 15-тен астам. 224,7 млн.теңге сомаға 310 тонна көлемінде ауыл шаруашылығы өнімін әкелу жоспарланған.
Жәрмеңке аясында 60 тоннадан астам бал, 5 тонна шұжық өнімдері, 15 тонна сүт, 13 тонна өсімдік майы, 3 тонна жарма, 5 тонна балық, 45 тонна жылқы еті, 10 тонна қымыз және панта өнімдері, 150 тонна көлемінде көкөніс ұсынылады.
Санитарлық-ветеринариялық талаптарға сәйкес және сатушылардың қолында өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары болады.