KZ
Өскемен
+31°
ясно жел 2 м/с, В
467.29 501.03 5.35

Заңды ма заңсыз ба? Бұл қайдан келген көп балық? (ВИДЕО)

11.02.2021, 15:40 213

Бүгін таңертең @oo_osa_semey_vko Instagram парақшасына салынған балықшылардың видеосы қалың көпшіліктің наразылығын тудырды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Әлеуметтік желі қолданушылары ауланған балықтың мөлшеріне наразылық білдірсе, кейбірі заң бойынша тексеруді талап етті.

Ал "ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы" РММ болса балықтар заңды түрде ауланғанын айтады.

-              Балық аулау "Серік" шаруа қожалығының арнайы рұқсатымен жүзеге асырылды. Ақпан айында оларда 38 тонна балық аулауға рұқсат бар. Қосымша шаруашылық тағы 10 тонна балық аулауға өтінім төледі, - деп түсіндірді ведмоство басшысының орынбасары Санақбек Кітапбаев.

Санақбек Кітапбаевтың айтуынша, балық аулау заңды болып табылады. Бейнежазбадағы балықтың көлемі 3 тоннаны құрайды. Оның ішінде 2,5 тонна табан, ал 500 килограммы әртүрлі балық түрлері болған.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив