KZ
Өскемен
-3°
небольшой снег жел 2 м/с, З
503.44 593.35 6.55

157 млн теңге жымқыру ісі: Өскемен әуежайында тергеу аяқталды 

Фото: aeroport.kz

16.07.2025, 11:00 252 Арайлым Орсаринова

 

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен «Өскемен әуежайы» АҚ басшылығына қатысты тергеуді аяқтады. Тергеу қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану, аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру фактілеріне байланысты жүргізілген, деп хабарлайды Altainews.kz сайтының тілшісі Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Акционерлік қоғамның бұрынғы президенті мен басқа да лауазымды тұлғалар бес жыл бойы жалақыны негізсіз көбейтіп, жалған сыйақылар мен шарттар жасасу арқылы қомақты қаржы жымқырып отырған. Кейін тағайындалған сома касса арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылған. Сонымен қатар, әуежайға тиесілі көлік құралдары бухгалтерлік есептен шығарылып, нарықтағы бағадан бірнеше есе төмен бағамен сенімді адамдарға сатылған.

Бұған қоса коммерциялық нысандар да жеңілдетілген шарттармен жалға берілгені анықталды: яғни, жалдау ақысы төмендетіліп, нақты жалға берілген аумақ азайтылып көрсетілген. Осылайша, мемлекетке 157 миллион теңге көлемінде залал келтірілген.

Сот санкциясымен күдіктілердің жалпы құны 126 миллион теңгеге бағаланатын мүлкіне – төрт пәтер, жер учаскесі және екі автокөлікке – тыйым салынды. Күдіктілер қамауға алынды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.

Видео: ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу