KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 6 м/с, В
495.1 583.72 6.46

Биыл мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 529 мыңнан астам қызмет алды

gov.kz

8.11.2025, 11:00 167 Базарова Айгүл

2025 жылдың басынан бері Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдардың 529,1 мыңнан астам тапсырысы орындалды. Оның ішінде 389,5 мың адам оңалтудың техникалық құралдарын, 9,6 мың адам ымдау тілі қызметін, 26 мың адам жеке көмекші қызметін, 104 мың адам санаторий-курорттық емдеу қызметін алған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Қажетті көмек түріне тапсырыс беру электрондық цифрлық қолтаңба арқылы расталады. Тапсырыс берілген құралдарды жеткізу қызметімен немесе өз бетімен келіп алу жолымен алуға болады.

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдармен, сондай-ақ кресло-арбалармен қамтамасыз етуді қамтиды.

Бүгінде Порталда 630 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуші, 1066 оңалтудың техникалық құралдарын жеткізуші, 32 мыңнан астам жеке көмекші, 758 ымдау тілі маманы және 139 санаторий-курорттық емдеу қызметін ұсынушы тіркелген.

Порталды пайдалану бойынша кеңес алу үшін 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу