KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, С
514.94 583.74 6.13

Жыл басынан бері әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 211 мыңнан астам қызмет көрсетілді

gov.kz

7.04.2025, 15:00 161 Төлеуғазы Жансая

2025 жылдың басынан бері Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдарға 211,6 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Оның ішінде шамамен 167,8 мың адам оңалтудың техникалық құралдарын алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ 7,7 мың азаматқа ымдау тілі мамандарының қызметі көрсетілсе, 24,4 мың адам жеке көмекшінің, 11,7 мың адам санаторийлік-курорттық емдеудің көмегіне жүгінді.

Портал мүгедектігі бар жандарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызмет жеткізушілерін өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Қажетті көмек түріне тапсырыс беру электрондық цифрлық қолтаңба арқылы расталады. Құралдар мен қызметтерді жеткізу немесе өз бетінше алу жолымен пайдалану мүмкіндігі қарастырылған.

Оңалтудың техникалық құралдарына протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар кіреді. Бұл құралдар өмір сапасын арттырып, күнделікті қозғалыс пен байланысқа қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Бүгінгі таңда Порталда 703 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуші, 979 техникалық құрал жеткізушісі, 31 мыңнан астам жеке көмекші, 759 ымдау тілі маманы және 129 санаторийлік-курорттық емдеу қызметін ұсынушы тіркелген.

Порталдың мүмкіндіктері мен қызметтері бойынша кеңес алу үшін 1414 бірыңғай байланыс орталығына жүгінуге болады.

Әлеуметтік қызметтер порталы – ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етудің және өмір сапасын арттырудың маңызды құралы болып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу