KZ
Өскемен
-12°
пасмурно жел 4 м/с, З
503.44 593.35 6.55

Жыл басынан бері 284 мыңға жуық адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды

13.11.2025, 12:30 208 Ержан Әбіш

2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 283,9 мың адам қамтылды, ал жалпы 714 мың қазақстандық тұрақты жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Субсидияланатын жұмыс орындарына 161,7 мың азамат орналасқан. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына 13,1 мың адам; жастар практикасы аясында 25,6 мың адам; қоғамдық жұмыстарға 98,7 мың адам; «Күміс жас» жобасы бойынша 17,9 мың адам; «Алғашқы жұмыс орны» жобасы арқылы 6,2 мың адам; «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы шеңберінде 289 адам тартылды.
Әлеуметтік осал топтағы азаматтарға өз бизнесін бастауға мүмкіндік беру мақсатында 400 АЕК-ке дейінгі (1 572 800 теңге) мөлшерінде 8 968 грант берілді.
Сонымен қатар еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша 55,9 мың адам онлайн оқытудан өтті, оның 51,4 мыңы оқуды аяқтап, сертификат алды.
«Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне 48,4 мың адам оқытылып, оның 27 мыңы курсты сәтті тәмамдады.
Жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес 8 901 адам кәсіптік оқытуға жіберілді, оның 4 673-і оқуын аяқтап, 2 256 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
Сонымен қатар 331,3 мың азамат кәсіби бағдарлау орталықтарында кеңес алып, өз мамандығын таңдауда көмек алды.
Азаматтардың нақты жұмыспен қамтылғаны міндетті зейнетақы жарналарының аударылуы арқылы расталады.
2025 жылғы 1 қарашадағы дерек бойынша 714 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде жұмыспен қамту шаралары арқылы 170,7 мың адам; Электрондық еңбек биржасы арқылы 175,7 мың адам; Президенттің «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» бастамасы шеңберінде 333,6 мың адам; орталық мемлекеттік органдардың жобалары бойынша 34 мың адам еңбекке орналастырылған.
Бұл көрсеткіштер елде жұмыспен қамтуды арттыру және азаматтарды табысты еңбекке тарту жөніндегі мемлекеттік саясаттың тиімділігін дәлелдейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу