KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
480.55 533.75 5.36

Күршімде 570 адам жұмыссыз ретінде тіркелген

Фото: abai.kz

28.04.2023, 16:29 290

Күршім ауданында биыл 1122 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.

Мәлімет бойынша, ағымдағы жылы 429 жаңа жұмыс орны ашылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жоспарланған 1122 жаңа жұмыс орнының 592-сі тұрақты, 530-ы уақытша жұмыс орындары. Ал ағымдағы жылы 429 жаңа жұмыс орны ашылған. Оның ішінде 109 тұрақты жұмыс орны, 320 маусымдық және уақытша жұмыс орны бар. 

Қазіргі таңда жұмысқа орналасу үшін 570 адам Халықты жұмыспен қамту орталығына өтініш білдірген. Оның 390-ы жұмыспен қамту бойынша белсенді шараларға тартылды. Дәлірек айтқанда, 9 адам бос жұмыс орындарына, 325 адам уақытша жұмысқа (жастар практикасына 7, әлеуметтік жұмыс орындарына 47, ақылы қоғамдық жұмыстарға  261) орналастырылды. 66 адам кәсіпкерлік негізінде оқытуға жіберілген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив