KZ
Өскемен
-5°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
509.94 593.88 6.43

Ұлан ауданының әкімі ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді

27.11.2025, 14:00 185 Базарова Айгүл

Ұлан ауданының әкімі Арман Бекбосынов жоспарлы кездесулер кестесі аясында бірқатар ауылдық округтерге барып, тұрғындармен жүздесті, деп хабарлайды Altainews.kz.

Аудан басшысы алдымен Саратов ауылдық округіне қарасты Саратовка, Ново-Одесское және Отрадное елді мекендеріне аялдап, халықтың өмір сапасын жақсартуға қатысты өзекті мәселелерін тыңдады.

Тұрғындар көшелерді жарықтандыру, сумен қамтамасыз ету, жолдарды ағымдағы жөндеу, ауылдық клубты қалпына келтіру және мал жаюды реттеу сияқты бірқатар маңызды мәселені көтерді. Әкім айтылған барлық ұсыныстарды арнайы іс-шаралар жоспарына енгізіп, тиісті бөлім басшыларына техникалық мүмкіндіктерді зерттеу, сметалық құжаттаманы әзірлеу және жұмыстардың мерзімін бекіту жөнінде тапсырмалар берді. Бұл бағыттардың орындалуы аудан әкімінің жеке бақылауында болатыны жеткізді.

Сапар аясында Арман Бекбосынов Каменка және Төлеген Тоқтаров ауылдық округтерінің тұрғындарымен де кездесті. Кездесулерде тұрақты электр қуатымен қамту, тұрғын үй мәселелері, ауылдық клуб пен дене-шынықтыру кешенін салу, жолдарды жөндеу, интернет байланысының сапасын арттыру сияқты өзекті тақырыптар талқыланды.

Әкім әрбір ұсынысты жіті назарға алып, жауапты қызметтерге мәселелерді жан-жақты қарастырып, нақты шешімдер қабылдауды тапсырды.

Аудан басшысы тұрғындармен ашық диалог жалғасатынын және ауылдардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілетінін атап өтті.


Фото: Ұлан ауданы әкімдігі 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу