Ұлан ауданының ауылдарындағы өзекті мәселелер шешімін табады
27 қарашада Ұлан ауданының әкімі Нұрымбет Сақтағанов ауданның прокуроры Ерлан Бұланбаевпен бірге Багратион, Азовое, Таврия және Каменка ауылдық округтерін аралап қайтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Болатбек Мамарбаевтың ақпараты бойынша, аталған ауылдық округтердегі бірқатар өзекті мәселелер басшылықтың назарына алынып, жақын арада шешімін табатын болды.
Мысалы, Привольное ауылында бірнеше әлеуметтік нысан жөндеуді қажет етеді екен. Оның ішінде, ауылдық клубы, денешынықтыру-сауықтыру кешені, хоккей корты. Бұл нысандардың елді мекеннің халқы үшін аса маңызды. Аудан басшысы мәселемен жете танысып, бақылауға алды. 2020 жылы бұл бағытта жұмыстар басталмақ.
Ал Азовое ауылдық округінің тұрғындарының бас уайымы жайылымдық жерлердің тапшылығы болатын. Ағымдағы жылы көлемі 2300,0 гектар пайдаланылмайтын жерлер қайтарып алынды. Алдағы уақытта осы жер телімдерін халықтың пайдасына жаратады.
Таврия ауылдық округінде аудан басшысы ауылды абаттандыру мәселелерімен таныс болды. Мұндағы ауыл белсенділері басты өзекті проблемаларды атап айтты. Аталған мәселелердің барлығы осы аптаның соңына дейін шешімін табады.
Каменка ауылдық округінде тұрғындары жол, интернет мәселелерін алға тартты. Сондай-ақ, ауылда жерлеу рәсімін орын жоқ екен. Оларға жол мәселесінің алдағы жылы толық шешемін табатыны айтылды. Цифрлы Қазақстан бағдарламасының аясында халық интернетпен де қамтылады. Сонымен қатар, 2020 жылы ауылда асхана ашылып, онда жерлеу рәсіміне қатысты шараларды өткізуге болады.
Іссапар барысында ауданның прокуроры Ерлан Бұланбаев азаматтардың жеке қабылдауын жүргізіп, заңға қатысты сауалдар бойынша кеңес берді.