Суармалы жерлердің көлемі артады – Ұлан ауданы
Ұлан ауданында суармалы жерлердің көлемі 11,5 мың гектарға артады. деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы Өскеменде өткен брифинг барысында аудан әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәлім етті.
Ұлан ауданында су қоры өте мол. Оны тиімді пайдалану - басты міндеттердің бірі.
2020 жылы «Алебастр» су қоймасын қайта құру арқылы Алмасай мен Айыртау ауылдық окрутгтеріне суару жүйесін тарту жоспарланған. Оның нәтижесінде суармалы жердің көлемі 1050 гектарға ұлғаяды.
Сондай-ақ, Азовое ауылдық округіндегі Қайыңды су бөгетін қалпына келтіру мәселесі де қаралып отыр. Нәтижесінде суармалы жер көлемі 1,0 мың гектарға артады.
- Жалпы ауданда 2023 жылға дейін суармалы жер көлемін ұлғайту жоспары жасалған. «Қазақстан су шаруашылығы» РМК филиалымен бірлесіп, Лебяжье тармағының арнасын тазалап, Ертіс өзеніндегі Саратовка, Таврия су бөгеттерінен, Дресвянка өзеніндегі Каменка су қоймасынан, Каменка ауылдық округіндегі Маймекен өзеніндегі және Таврия ауылдық округіндегі Жартас өзеніндегі су айдындарынан, Ұлан, Песчанка өзендеріндегі су қоймаларынан суару жүйелерін салуды жоспарлап отырмыз. Суармалы жер көлемі 6,5 мың гектардан 11,5 мың гектарға артады, - дейді аудан әкімі.