KZ
Өскемен
-17°
туман жел 1 м/с, СБ
509.94 593.88 6.43

ШҚО өлкетану мұражайындағы құнды жәдігер: Шілікті қорымынан табылған сырға

8.01.2026, 12:00 81 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстан облыстық өлкетану музейінде сақ дәуірінен жеткен бірегей жәдігерлер сақтаулы. Солардың ішінде Шілікті жазығындағы патшалар қорғанынан табылған, ақық тастармен көмкерілген алтын сырға айрықша құндылығымен ерекшеленеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Бұл жәдігер 2016 жылы археолог, тарих ғылымдарының докторы Әбдеш Төлеубаевтың жетекшілігімен жүргізілген қазба жұмыстары барысында анықталған. Алтыннан аса нәзік шеберлікпен жасалған сырға көгілдір ақық және пирит тастарымен безендірілген. Ол күрделі құрылымымен сақ зергерлік өнерінің жоғары деңгейін дәлелдейді. Ғалымдар бұйымды б.з.д. V-VI ғасырларға жатқызады, – дейді облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Альфия Бақбаева.    

Аталған әшекей сақ қоғамында тек сәндік бұйым ғана емес, әлеуметтік мәртебе мен рухани мағынаға ие символ болған. Бүгінде бұл алтын сырға «Ұлы Дала алтыны» көрмесі аясында көпшілік назарына ұсынылып, ерте көшпелілердің бай мәдениеті мен дүниетанымынан сыр шертіп тұр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу