Отандық тауар өндірушілер тізіміне 5 мыңға жуық кәсіпорын тіркелді
Елімізде отандық өндірушілерді қолдау және сауда-өнеркәсіп саясатын іске асыру мақсатында «Қазақстандық тауар өндірушілерінің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесін кезең-кезеңімен толықтыру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Өнеркәсіп және құрылыс қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта тізілімінің цифрлық жүйесіне 4995-тен астам кәсіпорын тіркелген. Жалпы алғанда, жүйеге тіркелу үшін 10 377 өтініш қабылданған.
2026 жылғы 28 қаңтардағы жағдай бойынша: 2332 өтініш қаралып, 519 субъект енгізілген; 2290 өтініш бойынша 396 субъектіні тіркеуден бас тартылған.
Сонымен қатар Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тарапынан «Электрондық қаржы орталығы» АҚ-на (Қаржы министрлігі) өз өнімін толықтай өндіретін 4389 кәсіпорын туралы мәліметтер жолданды.
Бұдан бөлек, индустриялық сертификаттар негізінде бұған дейін отандық өндіруші мәртебесін растаған 1924 кәсіпорын автоматты түрде ҚТӨ тізіліміне енгізілді.
Айта кетейік, ҚТӨ тізілімін енгізу деректерді біріктіруге, «жалған өндірушілерді» анықтауға, ашықтықты арттыруға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған. Тізілімге енгізу тетігі төрт негізгі кезеңнен тұрады: өтінішті ақпараттық жүйе арқылы беру, деректердің дұрыстығын тексеру, өндірісті бағалау және қатысушылардың өндірістік қызметінің адалдығын бақылау.
Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін толықтыру жұмыстары жалғасуда.