KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 13,8 м/с, ОБ
527.58 546.15 5.29

Жол полициясының жезл-таяғын қайтарып беретін болды

20.08.2019, 08:31 157

Қазақстандағы жол полициясы қызметкерлері қолдарына қайтадан таяқ ұстайтын болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі, Колеса. кз сайтына сілтеме жасай отырып.


Бұл туралы ІІМ әкімшілік полиция комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеген.

Еске салайық, 2017 жылы полиция қызметкерлерінің жезлмен жұмыс істеуіне тыйым салынған болатын. Содан бері жол қозғалысын реттеушілер өз міндетін «ала таяқсыз» атқарып келді. Алайда тәртіп сақшыларының жалаң қолмен берген нұсқауы жалпыға бірдей түсінікті болмады. Әсіресе таң сәріде немесе кешкі алакөлеңкеде жол қозғалысын реттеушінің қимылы айқын көрінбейтінін айтып, шағымданып келді жүргізушілер. Сол себепті ІІМ полицейлерге «ала таяқты» қайта ұсынды. Бірақ жезл тек жол қозғалысын реттеу үшін пайдалануға рұқсат. Айталық жол-көлік оқиғасы болған жағдайда, кептелістер кезінде, бағдаршамдар істен шыққан шақта, ауа райы қолайсыз болғанда және т.б. Көлікті тоқтату үшін жезл «жұмсауға» рұқсат етілмейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу