Арзан тауар сатып алмақ болып, алданып қалды
5 маусым күні Жаңа Бұқтырма кентінің 32 жастағы тұрғынынан белгісіз тұлға 23 мамыр мен 4 маусым аралығында танымал мессенджерлердің бірі арқылы алдап, сенімге кіріп, тауарды төмен бағамен сатып, 47 800 теңге мөлшерінде қаражатты иемденіп кеткені туралы хабарлама келіп түсті.
Криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері Шемонаиха ауданының 32 жастағы тұрғынын анықтады. Жауап алу барысында күдікті өз кінәсін мойындады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Оқи отырыңыз