KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
476.27 515.47 5.41

ШҚО-да жағажайлар шомылу маусымына дайын емес

6.05.2021, 10:39 139

Шығыс Қазақстандағы жағажайлар шомылу маусымына дайын емес. 

Арнайы тексеріс жасаған төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері осылай дейді. Мамандардың айтуынша, өңірде шомылу үшін 16 арнайы орын белгіленген. Одан бөлек 3 коммуналдық  жағажай бар. Біреуі Ұлан ауданында, қалғаны облыс орталығында. Жағажай иелері әлі күнге дейін өзен-көлдердің табанын зерттеп, барлау жұмыстарын жүргізбеген. Құтқару бекеттері мен медициналық пункттер шомылу аумағын анықтайтын арнайы белгілер қоймаған. Балалар үшін қауіпсіз жерлер де көрсетілмепті. Осы кемшіліктер жойылмай, жағажайларда шомылу маусымы ашылмайды. Айта кетерлігі, былтыр өңірде 31 адам суға кеткен. Көбі Семей мен Өскемен қаласында тіркелген.

- Суға шомылатын жерлер нақты бір шектеулер арқылы белгілену керек, сонымен қатар қайық, катер сынды су көліктеріне арналған арнайы жер қарастырылуы қажет. Бұл барлық жағажайларға ортақ. Тек осы және өзге де талаптар орындалған соң ғана олардың жұмыс бастауына рұқсат беріледі, - дейді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Титов


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив