KZ
Өскемен
+7°
переменная облачность жел 2 м/с, В
443.37 474.49 4.83

ШҚО-да үш жағажай ғана талапқа сай, оның екеуі Өскеменде

25.06.2019, 03:40 112

Биылғы шомылу маусымына 29 құтқару бекеті қызмет көрсетуге дайын. Соған қарамастан жыл басынан бері жеті адам суға кеткен.
Оның бір себебі – рұқсат етілмеген жерде шомылу. Жалпы, облыста барлығы 339 суға шомылу орны бар болса, олардың басым бөлігі талапқа сай емес. Облыстағы 50-ден астам өзен-көлге шомылуға болмайды деген белгі орнатылған.

Облыстық ТЖД судан құтқару қызметінің бас құтқарушысы Владимир Субботиннің айтуынша, өңірде небары үш жағажай ғана талапқа сай. Олардың екеуі облыс орталығында болса, бірі Ұлан ауданында.

- Талап үддесінен шығатын өзен-көл өте аз. Тіптің жоқтың қасы. Бірақ демалысқа келген адамдар оны есермейді. Қайғылы жағдайдың көбі осының салдарынан болады. Соған қарамастан жағажайларда рейдтер өткізіп, халыққа қауіпсіздік ережесін түсіндіреміз,-дейді ол.

Бүгінде өңірде 113 құтқарушы жұмыс істейді. Олар әрбір жағажайда тәулік бойы патрульдік қызмет атқарып, халыққа қауіпсіздік ережелерін түсіндіреді. Сондай-ақ әр аудандағы бөлімде сүңгуірлер бар. Дегенмен мамандар сақтық шараларын сақтау ең алдымен шомылушының міндеті екендігін тағы бір мәрте ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив