KZ
Өскемен
+8°
дождь жел 6 м/с, В
488.11 530.09 5.01

Қазақстанда бір жылда кофе 20%, шай 17% қымбаттады

8.08.2022, 13:06 243

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша елімізде 8,5 мың тонна өңделген шай мен кофе өндірілді. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 8,6% аз. 

Өңірлік тұрғыда өндірістің жартысынан астамы дәстүрлі түрде Алматыға тиесілі: 4,5 мың тонна, жылына минус 21%. Көшбасшылар қатарында Шымкент (2,6 мың тонна, плюс 4,3%) және Алматы облысы (973 тонна, плюс 83,2%) бар.

Energyprom.kz-тің хабарлауынша, 2021 жылы шай мен кофе өндірісінің көлемі 19,6 мың тонна болды. Бұл былтырғымен салыстырғанда 5,1% аз.

Импорттың үлесі тиісінше 72,8% болды. Қазақстанға 17,3 мың тонна шай мен кофе жеткізілді. Бұл бір жыл бұрынғыдан 5,9% аз.

Экспортқа 2,3 мың тонна өңделген шай мен кофе жіберілді, жылына минус 22,2%. Қазақстанның ішкі нарығында 21,4 мың тонна өнім сатылды, бұл бір жыл бұрынғыдан 8% аз.

Дәл осы кезеңде (2022 жылғы қаңтар-мамыр) республикаға 36 млн долларға 11 мың тонна хош иістендіргіш қоспасы бар немесе қоспасыз шай әкелінді. Физикалық мәнде төмендеу 21,6%, ақшалай түрде 28,2% болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив