KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, СБ
523.2 594.3 6.38

Шығыс Қазақстанда көмір бір жылда 22%-ке қымбаттады

25.02.2022, 11:30 386

Қазақстанның ішкі нарығында қаңтар айының қорытындысы бойынша бір тонна көмір 14,8 мың теңгеге дейін қымтаттады. Өсім бр жылда - 9,8%, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы. 
Бағаның ең жоғары жылдық өсімі (Атырау және Маңғыстау облыстарын қоспағанда) Шығыс Қазақстан (жылына 22,2%-ке), Жамбыл (14,9%-ке) және Ақмола облыстарында (14,5%-ке). Ал өзгелермен салыстырғанда баға ең аз өскен өңір - Солтүстік Қазақстан облысы (3,2%).
Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында баға өзгерген жоқ. Көмірдің тоннасы Таразда 20,1 мың теңгеге сатылуда, Семейде 11,4 мың теңге. Бұл ең арзан саналады.
Былтыр көмір бағасы 5,2%-ке, ал 2020 жылы — 3,3%-ке өскен болатын.

"Биыл қаңтарда Қазақстанның көмір өндіруші компаниялары 10,1 миллион тонна тас көмір, лигнит және көмір концентратын алды. Бұл өткен жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 3,8%-ке аз. Өндіру көлемі бойынша әдеттегідей Павлодар облысы алда тұр: 6,3 миллион тонна, жылына минус 3%. Екінші және үшінші орында Қарағанды (2,9 миллион тонна) және Шығыс Қазақстан облысы (854,2 мың тонна)", - делінген ақпаратта.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу