KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
481.68 522.48 5

Интерактивті әдеби көрме: «Қазақстан: тәуелсіздік тұғыры» 

Бүгін, 15:30 0 Төлеуғазы Жансая

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында  Қазақстанның басты мерекелерінің бірі Республика күніне арналған «Қазақстан: тәуелсіздік тұғыры» атты әдеби интерактивті көрме басталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл ерекше күнде облыстық кітапхана азаттық пен ұлттық бірліктің маңыздылығын дәріптеп, тәуелсіздіктің рухын ұлықтамақ.

Интерактивті көрме 1990 жылғы 25 қазанда «Қазақ ССР-інің мемлекеттік егемендігі туралы декларация» қабылданғаннан кейін мемлекет өмірінің түрлі салаларында, саясатта, экономикада, мәдениетте, өнерде қандай өзгерістер болғанын баяндайды.

«Көрмеден еліміздің тәуелсіздік тарихына арналған жаңа әдебиеттер С. Әкімбековтың «Дала тарихы», Е.Ораздың «Ұлы дала хандары» мемлекеттік рәміздер және Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері туралы баяндамалар «Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма жылдығы декларациясы», Е. Шаймерденовтың «Қазақ елінің рәміздері», сондай-ақ, сіздер Республика дамуының қазіргі заманғы шындығын көрсететін Қ.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі», «Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу.» кітаптарымен таныса аласыздар»,- деп атап өтті А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында.

Бұл іс-шара – өткенімізді еске алып, болашаққа сеніммен қадам жасауға шақыратын мүмкіндік.

Көрме 20-31 қазан аралығында ашық болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив