Бүгін – Республика күні
Бүгін Қазақсанда ұлттық мереке - Республика күні атап өтіледі. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның тәуелсіздігі туралы Декларация қабылданып, еліміз тәуелсіздігін алуға алғаш қадам жасады.
Өткен 2022 жылы 25 қыркүйек күні ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнін ұлттық мереке ретінде белгілейтін заңға қол қойған болатын. Осылайша, «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға 25 қазан – Республика күні ұлттық мереке, ал 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке болып белгіленді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Айта кету керек, заңға енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес, Республика күні – елдегі жалғыз ұлттық мейрам болып табылады.
Республика күніне орай ел көлемінде түрлі іс-шаралар легі жоспарланған. Айтулы күн қарсаңында үздік деп танылған түрлі сала мамандарына мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар табысталды.
Кеше Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатсуымен салтанатты рәсім өтті.