Бүгін — мемлекеттік рәміздер күні
Бүгін ел тарихы үшін мәртебелі күндердің бірі – мемлекеттік рәміздер күні, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл күн еліміздің мемлекеттік рәміздері — Ту, Елтаңба, Әнұраны дүниеге келген күн ретінде тарих бетінде мәңгі есте қалады. Халқымыз осымен 28-ші жыл атаулы күнді тойлауда.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес, жыл сайын 4 маусым мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі. Сондықтан мемлекеттік рәміздерді қастерлеу — республика азаматтарының қасиетті парызы.