KZ
Өскемен
-18°
пасмурно жел 1 м/с, С
505.71 591.43 6.65

Зайсанда дала өрті тұтанды

5.09.2022, 09:41 295

Шығыс Қазақстанның Зайсан ауданында дала өрті тұтанды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Айнабұлақ ауылдық округі аумағында өрт тұтанғаны туралы ақпарат төтенше қызмет өкілдеріне 3 қыркүйекте берілген. Құтқарушылар тілсіз жаумен екі-үш күн арпалысты.

– Өрт құрғақ шөп пен бұта-қарағаннан басталған. Таулы өлкеде жалын тез өршіп, 45 гектар аумақты шарпыды. 5 қыркүйекте сағат 8:00-де өрт толық сөндірілді, – деп мәлімдеді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өрттен қаза болған және зардап шеккен адам жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу