KZ
Өскемен
-1°
туман Штиль
494.87 520.65 4.91

Қазақстанда ЖОО оқытушыларының жалақысы өсті

15.09.2021, 15:11 235

ҚР БҒМ-ге ведомстволық бағынышты ЖОО оқытушыларының жалақысы осы жылдың қыркүйегінен бастап өсті. ҚР БҒМ баспасөз қызметінің мәліметінше, енді университет оқытушылары айына кемінде 200 мың теңге алатын болады. Аға оқытушы кемінде 230 мың теңге, қауымдастырылған профессор – 260 мың теңге, профессор – 350 мың теңге (ұлттық жоғары оқу орындарында – 400 мың теңге) алады.

«Мемлекет басшысының қолдауының арқасында Министрлік жоғары оқу орындарының штаттық қызметкерлеріне минималдық жалақы белгілеу туралы бұйрық қабылдады. ҚР БҒМ-ге бағынышты жоо оқытушыларының жалақысы артты. Сондай-ақ бір ставканың максималды көлемі енді бір оқу жылында 680 сағаттан аспайды. Яғни, оқу жүктемесі төмендетіледі. Өзгеріс профессорлық-оқытушылық құрамның ғылыми қызметпен айналысуы үшін мүмкіндік пен уақыттың көбірек болуын көздейді», – деп атап өтті білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы жоо оқытушыларының жалақысын көтеруді тапсырған болатын. 2019 жылғы қыркүйекте БҒМ-ге ведомстволық бағынышты жоо профессор-оқытушылар құрамының еңбекақысы 20%-ке, 2020 жылғы қыркүйекте тағы да 20%-ке ұлғайтылды. Жалақыны едәуір арттыру барысында оның минималдық мөлшері және педагогикалық жүктеменің максималды көлемі белгіленді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу