«Шешім қабылданды». ЖОО оқытушыларының жалақысы көбейеді
Жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы көбейеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Биыл 2011 жылдан бері алғаш рет білім беру грантының құны кем дегенде екі есе өскен. Білім министрінің айтуынша, бұл жоғары мектеп педагогтарының жалақысын көтеруге мүмкіндік береді.
Шешім қабылданды. Бірінші қыркүйектен бастап білім министрлігіне қарасты жоғары оқу орындары педагогтарының жалақысы орта есеппен 25 пайызға артады, – деді Асхат Аймағамбетов тамыз конференциясында.
Оқи отырыңыз